Ынтымақ-2 шағын ауданының батыс бөлігін инфрақұрылыммен қамту жалғасып жатыр

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарықтың жырын шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Шым шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған елді мекенге барып, нысандар құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айтып өтейік, аумақты электр қуатымен қамту мақсатында мердігер "Туран Энерго групп" ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал "Энерго ресурс Шымкентгаз" ЖШС газ құбырларын тартумен айналысуда. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, абоненттеу жүргізіледі.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көшелерді асфальттау 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір мұнда 22 көше бар. 4-і асфальтталған, 15 жолға тас төселген, қалған 3-і топырақ жол.

Шағынаудан балалары 1 мектеп, 3 балабақшада білім алады. Батыс бөлігіне 900 орынды мектеп салу үшін 2,46 га жер телімінің құжаты рәсімделіп, қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 спорт алаңшасы ел иігілігінде, былтыр берілген.

Кездесу барысында шешімін тапқан мәселелер үшін алғысын білдірген тұрғындар, арыз-шағымдарын шаhар басшысына жеткізді.

Бұрын ауыл белсендісі ретінде тұрғындардың мұқтажын жеткізу үшін бармаған жеріміз қалмайтын. Нәтижесін де көрмедік. 2020 жылдан бері өзіңізбен жиі кездесіп, өтініштеріміз орындалып жатыр, енді жолымыз асфальтталып, сапалы электр энергиясын тұтынатын күн де алыс емес деп ойлаймын,-деді ауыл биі Ә. Балғабайұлы.

Мәселелердің таяу арада оң шешімін табуы үшін қала әкімі арнайы хаттама толтыртып, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты