ҚР президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ербол Ізбергенов болды.
Ербол Ізбергенов Алматы құрылыс және басқару колледжін, Ақтау мемлекеттік университетін және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Магистр» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақтау қаласында «Маңғыстау Нефтегаз Барлау» кәсіпорнында кірпіш қалаушы болып бастады.
1994-1996 жылдары «Қаламқасстрой» коммуналдық қоғамдық ұйымында кірпіш қалаушы болып жұмыс істеді.
1997 жылы «Каспий Куперсервис» ЖШС шебері болып жұмыс істеді.
1997-2000 жылдар аралығында «Альбина» пәтер иелері кооперативінің бригадирі, учаске бастығы, бас инженері қызметтерін атқарған.
2000-2003 жылдары «Батыс Қазақстан құрылыс компаниясы» ЖШС техникалық директоры қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары - «Қуат корпорациясы» акционерлік қоғамының Ақтау филиалының шебері.
2004 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
2004-2005 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2005-2007 жылдары - Қызылтөбі ауылдық округінің әкімі.
2007-2011 жылдары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары - Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының бастығы.
2014-2015 жылдар аралығында ҚР ИДМ КТРМ ішкі әкімшілік басқармасының бастығы болды.
2015 жылы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Инвестициялық жобалар басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылы «Атамекен» Республикалық кәсіпкерлер палатасының Ақтау қаласындағы директоры, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2020 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
Депутаттар Ізбергеновті тәжірибелі басшы ретінде танитындарын айтып, оның кандидатурасын қолдады. Нұрлан Ноғаев Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, Ербол Ізбергеновке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.