Астанада "Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!" экоакциясы өтеді

Сурет: Zakon.kz
8 қазан сағат 10.00-де Қазақстан астанасында "Бірге – таза Қазақстан!" республикалық акциясы аясында "Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!" экологиялық акциясы ұйымдастырылады.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, акцияның басты мақсаты - жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын орман мен демалыс аймақтарының қоқыспен ластану мәселесіне аудару, облыстағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ету. Сонымен қатар қоршаған ортаны құрметтеуге және қоғамның табиғатпен үйлесімді өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағын, ормандарды азаматтардың жаппай демалатын орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіліп, өскелең ұрпаққа арналған түрлі байқау мен іс-шара өткізіледі.

Елорданың жанашыр азаматтарын экологиялық сенбілікке қатысуға, қоқыспен күреске үлес қосуға шақырамыз.Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз