Алматы әкімдігі қалаға жылу қашан берілетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
Әкімдік "Алматы жылыту маусымына дайын" деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл мамыр айынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері жылыту маусымына дайындықты бастады.

Қалаға жылу бес тәулік бойы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда беріледі, - делінген хабарламада.

Бірінші кезекте жылумен денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік нысандар қамтылады. Содан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.

Барлығы 413 білім беру нысаны, 129 денсаулық сақтау нысаны және 8 476 тұрғын үй қорының нысаны дайындалды. "АлматыТеплоКоммунЭнерго" ЖШС қазандықтарындағы көмір және мазут қоры 100% жеткілікті. «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БТК) энергия көздерінде көмір 118% және мазут қоры 118% бар, - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ