Билік Алматының жаңа бас жоспарын 2022 жылдың соңына дейін қабылдауға уәде берді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Әкімдік Алматының жаңа бас жоспарын осы жылдың соңына дейін қабылдайды. Бұл туралы оңтүстік астананың әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерболат Досаев әкімдік жыл соңына дейін "Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын" әзірлеп, қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.

Онда құрылысты қай жерге салуға болады, қай жерде салуға болмайды барлығы көрсетіледі, – Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Әкім нүктелі және тығыз құрылыс бойынша жаңа ережелер қабылданғанын, онда құрысшыларға біраз шектеу қойылғанын атап өтті.

Бұл ережелер ұзақ уақыт қолданылады деп үміттенемін, ақыры ретке келтіре алатын болдық. Ал өзен арнасының бойындағы ғимараттарға келсек, қала құрылысы талаптарына сәйкес су қорғау аймағынан 35 метрден жақын емес жерде орналасуы керек. Ерболат Досаев

Әкімнің айтуынша, барлық жерде, әсіресе Алматыда сапа талаптары мен құрылыс тәртібі мәселесі өте маңызды.

Өйткені біз 9-10 баллдық сейсмикалық аймақтамыз. Біз бұл жұмысты мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарып жатырмыз. Ерболат Досаев

Ол келер жылы әкімдік барлық қажетті талаптарды пысықтап, қаланың жүйелі түрде қалыпты дамитынына сенім білдірді.

Кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев LRT құрылысы туралы да айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды