Шымкентте Республика күні қарсаңында ел чемпиондары марапатталды

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда ел чемпиондарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Шымкент қаласының "Шымкент" командасы әйелдер арасындағы футболдан осымен 11-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Ә.Барменқұлов қатысып, спортшыларды жеңістерімен құттықтады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкент қаласының атын республика көлемінде ғана емес, халықаралық аренада танытып жүрген футболшы аруларға алғысын білдіріп, Қазақстан чемпионатының кубогін салтанатты жағдайда табыс етті.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өнер көрсетіп жүрген бұл команда Қазақстан кубогін 12 рет жеңіп алған.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында үш рет өнер көрсетіп, Еуропаның үздік 20 командасының қатарына кіріп отыр.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, марапаттау рәсімі футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы "Ордабасы" мен "Шахтер" командаларының кездесуі кезінде өтті. Бұл матчта шымкенттік команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды