Атырауда "Қыран далам - Қазақстан" атты салтанатты жиын өтті

Атырауда 25 қазан - Республика күніне орай "Қыран далам - Қазақстан" атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты жиын шымылдығын Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрының әртістері театрландырылған әдеби-музыкалық прологымен ашты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов бұл даңқты датаны ұлттық, мемлекеттік мереке дәрежесінде атап өтудің мәні өте зор, әрі әділ және тарихи шешім екенін атап өтті.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Баршаңызды ұлттық ұлық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Араға жылдар салып, бұл мерекені алғаш рет атап өтудеміз. Бұл даңқты датаны ұлттық, мемлекеттік мереке дәрежесінде атап өтудің мәні өте зор, әрі әділ және тарихи шешім. Осы күнге жетуіміз үшін ер халқымыз "күндіз отырмады, түнде ұйықтамады". "Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеді". Рухы биік халық қиынға қайыспайды, ауырға мойымайды. Ұлы даланы аман-есен сақтап қалған да - осы асқақ рух. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені, азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды" - деді. Демек ұлы міндеттер мен мақсаттарға ұмтылған халық қана өз дегеніне жете алады. Ең бастысы, ортақ шаңырағымыз – сүйікті Отанымыз ырысқа кенеліп, көк байрағымыз биікте желбірей берсін. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевтыңЖарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 33 адам марапатталды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: