Қарасай әкімі шатасқан жол ортасында қалып кеткен тұрғындарға көмектесуге уәде берді

Жол салынуына байланысты Қаскелең қаласы тұрғындарының бір бөлігі ойдым-ойдым болған жолдармен тұйық көшелерді ұзақ аралауға мәжбүр. Ол арадан шығу үшін айналып, көп шақырым жолды жүріп өту қажет. Осы мәселеге қатысты Қарасай ауданының әкімі тұрғындарға көмектесуге уәде берді, деп хабарлай

Қойтас деп аталатын аты бірдей төрт көшенің тұрғындары лабиринттің ортасында қалып кетіп отыр. Бас жоспарға сәйкес, бұл ауданда бүгіндері салынып жатқан жол 10 жыл бұрын түсуі керек болатын. Алайда нақтысында ештеңе өзгермеген, сондықтан мұндағы адамдар аудан орталығынан жырақтап, оқшауланып қала берген. Бүгін Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешілетінін, бұл жағдайды Президенттің өзі назарда ұстап отырғанын жеткізді. Аудан әкімінің кездесуін тұрғындар видеоға түсіріп, біздің арнаға жіберді. Олардың айтуынша, мәселе 2017 жылы қаланың бас жоспары өзгерген соң туындаған. Соның салдарынан 200-ден аса үйі бар төрт көшенің тұрғындары тығырыққа тірелген. Ал орталыққа шығар жол жаңа бас жоспар бойынша кәсіпкерлерге өтіп кеткені, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ал Қарасай ауданының әкімі билік бұл мәселе шешімін қолға алып, оны шешуге кірісіп кеткенін жеткізді.

Президент өзінің назарында ұстап отыр, біледі сіздердің проблемаларыңызды. Мына иелерімен мына сіз айтқан бизнесмен кісі бар осылай шешеміз. Қазір енді сіздер талап қойып отырсыздар, көшені былай қарай шығару керек деп. Сол үшін соны біз орындаймыз. Мынау жерді жекеменшік екен, мұны да шақырып иесімен сөйлесеміз. Қазір мына көшені реттеп, асфальттап, түзетіп қоюымыз керек. Бұл жерде ең бастысы, жердің мәселесін шешіп алсақ, әрі қарай біз бәрін атқарамыз ғой. Қаражат бөлінеді, жобасын жасаймыз. Асфальтын салайық, электр энергиясын жаңалайық.Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов
Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: