Аршалыда мектеп қазандығы жарылып, ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды

Сурет: akorda.kz
Ақмола облысында 18 қарашада қазандық жарылып, үш адам зардап шекті. Кейінірек оның бірі ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалайды.

"1990 және 1983 жылдарғы науқастардың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалайды. Оларға Аршалы аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр". Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, 18 қарашада Аршалы ауданы Аршалы ауылында Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектептің жекелей орналасқан от жағатын орталығында қазандық жарылды.

Оқыс оқиға кезінде үш адам зардап шекті: шаруашылық жөніндегі меңгеруші, электр маманы және от жағатын жұмысшы. Олар ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқаны хабарланған.

19 қарашада Ақмола облысында қазандық жарылып, ауруханаға түскен жұмысшының қайтыс болғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі