Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінде қалды

Сурет: primeminister.kz
1 желтоқсан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған.

Білімі:

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к.

Еңбек жолы:

ҚР премьер-министрі кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (03.2019 ж. бастап) қызметін атқарды.

2022 жылғы тамызда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты