Алматы облысындағы апат жойылып, газ беру жұмысы қалпына келтірілді

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Талғар ауданындағы бірнеше ауылдың газсыз қалуына түрткі магистральдық желідегі апат толығымен жойылды, барлық елдімекендер көгілдір отынмен қамсыздандырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Панфилов, Гүлдала, Тұздыбастау ауылдары газбен толық қамтамасыз етілді. Қалпына келтіру жұмыстарына "Тәуекел" газ тарату кәсіпорнының 60-тан астам жұмысшысы мен жергілікті әкімдіктің 20 қызметкері жұмылдырылды". Алматы облысы басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Әкімдік атап өткендей, қазіргі уақытта Тұздыбастау ауылының екі көшесінде газ қысымын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс та аяқталып қалды.

30 қарашада кешке магистральдық құбырда апат орын алып, салдарынан Талғар ауданының бірнеше ауылы газсыз қалды. Су да өшірілді.

Талғар ауданының "Талғар су" МКК қызметкерлері сорғыны ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты