Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Ноғаевпен бірге Хасановты ұсынған

Сурет: akorda.kz
Президент Әкімшілігінің басшысы Маңғыстау облысына барды. Бүгінгі жұмыс сапары аясында Мұрат Нұртілеу Ақтауға да барып, Маңғыстау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Президент Әкімшілігінің басшысы Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Дәулетжан Хасанов пен Нұрлан Ноғаевтың кандидатураларын ұсынған Президенттің хатын оқып берді.

Ақорда таратқан ақпаратқа сай, ашық дауыс беру кезінде мәслихаттардың 23 депутаты Дәулетжан Хасановқа, ал 93 депутаты Нұрлан Ноғаевқа дауыс берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Президент Әкімшілігінің басшысы облыс әкімі болып қайта тағайындалған Нұрлан Ноғаев жауапты жұмыстарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі маман екенін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысының Маңғыстауға жұмыс сапары кезінде нақты міндеттерді айқындап бергенін еске салды. Олардың арасында өңірдің инфрақұрылымдық ахуалын, көлік-логистика салаларының әлеуетін жақсарту және аймақ тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер бар.

Президент Әкімшілігінің басшысы биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан облыс азаматтарына Мемлекет басшысының алғысын жеткізді. Сонымен бірге Президенттің сайлауалды бағдарламасында және ұлықтау рәсімінде айқындалған міндеттерді сапалы іске асыру маңызды екенін айтты.

Ноғаев Нұрлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды