Екібастұзға Қарағандыдан тағы 70 маман аттанды

Сурет: Instagram.com/ermaganbetbulekpaev/
Қарағандыдан осымен жетінші күн жылусыз отырған Екібастұз қаласына қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу үшін құрылыс және коммунальдық кәсіпорындардың бір топ қызметкері аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Instagram-дағы парақшасында Екібастұзда жылумен қамтуды қалпына келтіру үшін Қарағандыдан 70 маман жолға шыққанын жазды.

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен құралған бригада құрылды. Күндіз қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. "Энергоцентр" ЖШС, "Қарағанды Су" ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын", деп жазды ол.

Бұған дейін Екібастұзға "Қарағанды Су" және "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ның 22 маманы, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көмекке барған болатын.

Сонымен қатар, жедел штаб отырысында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны, олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілгені хабарланған.

Қарағанды
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз