Риддердегі ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы дұрыс тексерілмегені анықталды

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының жылыту маусымына дайындығы дұрыс тексерілмеген. Осы іске жауаптылар күз айларында Риддер жылу электр орталығында мүлде болмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 9 желтоқсанда ШҚО әкімі Даниал Азметовтың қалалар мен аудандардың әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша өткізген кеңесінде мәлім болды. Оған ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілі қатысты.

Биыл сәуір айынан қыркүйекке дейін осы ведомствоның мамандары Риддер жылу электр орталығында болмаған.

"Алайда 15 қыркүйекте бейінді министрлікке хат жолданды, онда станцияның жылу маусымына толық дайындығы туралы хабарлады. Дабыл қағудың, прокуратураға жүгініп, жабдықтың ауыр жағдайы жылу маусымының бұзылуына әкелуі мүмкін деп айтудың орнына, комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелді. Бүгінде Департамент Риддер ЖЭО басшылығы 4 және 5 қазандық агрегаттарының жөнделгені туралы хат жолдап, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдығы бар қалқан өрті туралы ақпаратты жасырып, оларға теріс ақпарат жолданғанын мәлімдейді. Осылайша, ведомство жұмысқа деген өздерінің дәрменсіздігімен немқұрайлылығын танытып отыр. Өзге энергетикалық объектілерді қалайша тексеріп, баға беретіні күмән тудырады", деп жазды облыс әкімі желідегі парақшасында.

Даниал Ахметовтың айтуынша, олар өздерінің әрекетсіздігінен бүкіл қаланы қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Сондықтан, әкім мұндай немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмау керек деп санайды.

Өскемен
Ахметов Даниал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады