Даниал Ахметов қызметі жөнінде: Өмірден шаршадыңыздар ма? Ал мен шаршаған жоқпын

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов саяси қызметте ұзақ жүруі жөнінде журналистер қойған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Даниал Ахметовтен "Әкім болудан шаршаған жоқсыз ба?" деп сұрады. Бұл сұраққа Шығыс Қазақстан облысының әкімі сұрақпен жауап берді.

"Неге шаршауымыз керек? Сіздер өмірден шаршадыңыздар ма? Жоқ. Мен де шаршаған жоқпын". Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов

Ал саясатта ұзақ жүру сыры неде деген мазмұндағы сұраққа Шығыс Қазақстан облысының басшысы: "Оны Мемлекет басшысынан сұраңыз", – деп қысқа қайырды.

2022 жылғы 7 желтоқсанда мемлекет басшысы Даниал Ахметовті Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп қайта тағайындады. Ол бұл қызметке 2014 жылғы 11 қарашада тағайындалған еді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты