Хасар Хабылбеков Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Павлодар облысы әкімінің өкімімен әкімнің бірінші орынбасары болып Хасар Хабылбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хасар Хабылбеков бұл қызметті энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді.

Бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Олег Крук өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.

Хасар Айтпекұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Құқықтану бакалавры" мамандығы бойынша, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Көлік құрылысы" мамандығы бойынша аяқтаған. Техника және технология магистрі. 

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған. 2017 жылдан 2021 жылға дейін облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Тереңкөл ауданы және Шарбақты ауданы әкімдерінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" ММ басшысы қызметтерін атқарды. 

2021 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды