Алматы әкімі қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алды

Сурет: Алматы әкімдігі
Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қанды қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Осы орайда қалалар арасында көбірек зардап шеккен Алматы қаласы еді. Алматы әкімдігі бүгін қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітіне жиналғанын хабарлады.

Мешітке келгендердің қатарында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахман Алшанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы Ақан Бижанов, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, спортшы Ардақ Назаров және басқалары бар.

Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз