"Шардара" су қоймасы мерзімінен бұрын толып, 22 елді мекенді су басу қаупі бар

Сурет: astanatv.kz
"Шардара" су қоймасы мерзімінен бұрын толып, апатты жағдай болуы мүмкін. Сырдария өзенінің жоғарғы жағындағы көршілес елдерден келіп жатқан су мөлшері бұрнағы жылдармен салыстырғанда биыл едәуір көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарына қарағанда, өткен аптада су қоймасына тәулігіне орта есеппен 42 млн текше метр су құйылған. Сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метрлік су қоймасы тез толып жатыр.

Ал мамандар бұл мәселеге үкімет назарын аударуы қажет деп, дабыл қағып отыр. Өйткені Шардара –еліміздегі ең үлкен су қоймасы. Арнасынан асса, 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар.

"Қазгидромет" РМҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы Махамбет Жазықбаевтың айтуынша, Шардара былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100 пайыз артық толып отыр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне наурыз айына дейін "Шардара" су қоймасының толуын 70%-дан асырмау және "Көксарай" су қоймасына су толтырмау бойынша ұсыныс хат жолданған. Жауапты тұлғалар бұдан бөлек қауіпсіздік мақсатында мен апатты жағдайдың алдын алу үшін Үкімет деңгейінде штаб құру керек деп есептейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты