Өскеменде 40 жылдан соң трамвайдың жаңа вагондары пайда болды

Сурет: видео скрині
Өскемендегі жергілікті депоға 4 жаңа вагон келді. Коммуналдық кәсіпорынның паркін жаңартуға инвесторлар 800 миллион теңгеден астам қаржы салған. Өйткені қаладағы трамвайлар әбден ескіріп, тозған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, 2018 жылы 118 миллион теңгеге сатып алынған алматылық трамвайлар 1980-1990 жылдары шығарылған көрінеді.

Жаңа вагондардың жүріп-тұруы үшін қалада ұзындығы 4 шақырымдай рельс жөнделген. Өйткені қала тұрғындарының 30 пайызы әлі күнге дейін трамваймен жүреді.

Трамвай паркінің директоры Михаил Чайканың айтуынша, мұны облыс орталығының тұрғындары ұзақ күткен. Трамвай паркінің жұмысшылары вагондарды жаңартуды көптен сұрап жүрген екен.

Ал облыс Жақсылық Омардың сөзінше, бұл – Беларусьтің Минскінде жасалған трамвайлар.

"Қазір төртеуі қалаға келді. Оның екеуін біз осы қазір жолға шығардық. Бұл трамваймен жүретін біздің қаланың тұрғындары үшін өте зор қуанышты жаңалық деп есептейміз. Осы трамвайлар енді халыққа қызмет етеді деп үміттенеміз", - дейді облыс әкімі.

Қазақстан бойынша трамвайлар үш қалада – Өскеменде, Павлодарда және Теміртауда қатынайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады