Қызылорда облысында блокпост орнатылды

Сурет: gov.kz
Қызылорда облысында газ таратушылар сұйытылған мұнай газын басқа өңірлерге тасымалдаған. Осыған орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірде бекітілген лимит бойынша сұйытылған мұнай газы мен дизель отынын тек облыс тұрғындарының игілігіне пайдалану керек екенін айтып, сыртқы көлік қозғалысын шектеу үшін арнайы блок бекеттер құру арқылы қадағалауды күшейтуді тапсырды.

"Өңір басшысының тапсырмасымен полиция департаменті Түркістан, Арал, Жезқазған бағыттарында жол тосқауылдарын қойды".Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар аймақ басшысы газ бен дизель отынының жеткілікті түрде жеткізілуін қадағалап, жанармай құю бекеттеріндегі бағаның тұрақтылығын бақылау және бағаны төмендету тетіктерін қайта қарау қажет екенін еске салды.

Жиын барысында облыс әкімі күннің күрт суытуына байланысты қоймалардағы қажет отын көлемін толықтыру олқылықсыз жүргізіп, өңірді көмірмен жеткілікті қамтамасыз етуді тапсырды.

2023 жылдың 16 қаңтарында Энергетика министрлігі дизель отынының шекті бағасын реттейтіні белгілі болды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме