ҚР Премьер-министрі: Шымкенттегі "Іскер қала" өңірлік бағдарламасын бүкіл республикаға үлгі ету керек

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкентке жұмыс сапары аясында "Стандарт" жекеменшік индустриялды аймағында орналасқан "Standard Steel KZ" компаниясының қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түсті металдар консентратын өндіруге бағытталған кәсіпорын жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Премьер-министрге жобаның "Саутс Ойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржыландыруымен жүзеге асып жатқаны, жобаның жалпы құны 13,3 миллиард теңгені құрайтыны, өндірістің алғашқы кезеңі өткен жылы іске қосылғаны баяндады. 

 "Стандарт" жекеменшік индустриялды аймағының жұмысы және "Іскер қала" бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді. 

Айта кетейік, бұл индустриялды аймақта жеке инвестордың есебінен инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, өндірістік ғимараттар салынады. Өз кезінде шағын кәсіпорын орнын ашқысы келетін кәсіпкерлер осы аймақтан дайын ғимаратты жалға алады. Ал, "Іскер қала" бағдарламасы арқылы жалға алу құнының бір бөлігі субсидияланады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер ұсынылады. 


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бүгінде мемлекет өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отыр. Бұл бағытта бірнеше ұлттық жобалар қабылданып, бүгінде нәтижелі орындалуда. Ал, Шымкент қаласындағы "Іскер қала" өңірлік бағдарламасындағы қолдау тетіктері кәсіпкерлер үшін тиімді. Ұлттық экономика министрлігі бұл тәжірибені зерттеп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігін қарастыруы тиіс, — деді Премьер-министр.


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Айта кетейік, "Standard Stell KZ" компаниясы тиісті зауыттың бірінші кезеңіне 2.8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл кезеңде жылына 4 608 тонна мыс-күміс консентратын шығаратын өндіріс іске қосылған. Екінші кезеңнің инвестициялық құны 10.5 миллиард теңгені құрайды. Ол іске қосылғанда зауытта жылына 20 900 тонна мырыш оксиді өндірілетін болады


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Шымкент
Әйтенов Мұрат
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты