Досаев Алматыда қоғамдың орындардың көбі жеке меншікке өтіп кеткенін айтты

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қаладағы қоғамдық орындардың көбі жеке тұлғаларға тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Нұр-Алатау ықшамауданы тұрғындарының бірі Өтегенов пен Қазыбек Тауасарұлы көшелерінің қиылысында мәңгілік алаудан басқа ештеңе жоқ, қараусыз қалған алаң бар екенін айтты. Ол әкімнен алаңды жабдықтауды, орындықтар, гүлзарлар қоюды сұрады.

Сұраққа жауап берген Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов бұл саябақ жеке меншікте екенін айтты. Қазір әкімдік Жер қатынастары басқармасымен бірлесе отырып, алаңды мемлекет меншігіне қайтарып, кейіннен жабдықтау үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

"Көрдіңіз бе, нені түртсең де, бұл қалада бәрі біреудің меншігінде", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Осыған орай мегаполис басшысы аудан әкіміне бұл мәселені шешіп, алаңды жаңғыртуды тапсырды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 ақпан күні Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қалада 2023 жылдың екінші жартысында жаңа сейсмикалық аудит жүргізілетінін мәлімдеді.

Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты