Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге үкімет резервінен 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" қаулы жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге Алматы қаласы әкімдігіне даму трансферттер түрінде аудару үшін 7 010 773 250 (жеті миллиард он миллион жеті жүз жетпіс үш мың екі жүз елу) теңге сомасында қаражат бөлінсін", – делінген құжатта.

Ал Алматы қаласының әкімдігі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бөлінген қаражатты нысаналы пайдалану жөнінде есеп ұсынуға тиіс.

Құжатқа берілген түсіндірмеде трансферт бөлу мақсаты Алматы қаласы аппаратының сапалы және уақытылы жұмыс істеуі үшін ғимаратты заманауи стандарттарға сәйкес қалпына келтіру екені жазылған.

Әкімдіктің мәліметінше, құрылыс 2023 жылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған.

Құжат 2 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Әкімдік ғимараты 2022 жылғы қаңтардағы бүлік кезінде толықтай жанып кеткен еді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты