Досаев: Жер сілкінісіне төзімді құрылысқа талапты күшейтеміз

24 ақпанда Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы көпқабатты үйлердің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардың бірі әкімге Алматы облысы Іле ауданында салынып жатқан Gate city қаласындағы көпқабатты үйлердің құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды. Ол Алматыда аз қабатты үйлер ғана салынсын деген тілегін айтты.

Сұраққа жауап берген мегаполис басшысы Ерболат Досаев қалада тоғыз қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойылғанын айтты.

"Аз қабатты құрылысқа келсек, олар үш қабатты блокты үйлер болуы мүмкін. Біз мұны қадағалаймыз. Бас жоспар бекітілгеннен кейін оның барлығы анықталады. Негізі мен қалада құрылыс тиімді болғанын жақтаймын", - деді әкім Ерболат Досаев.

Бұл ретте ол қаланың үлкейіп келе жатқанын, көші-қон мәселесі бар екенін айтты. Сондықтан ұсынысты талқылау қажет.

"Мемлекет басшысымен кездесуімде ол Алматының ерекше мәртебесі туралы заң арқылы жер сілкінісіне төзімді құрылысқа қатысты талаптарды күшейтетін тәсілдерді мақұлдады. Көктемде осы жұмысты бастаймыз және бізді депутаттар қолдайды деп үміттенемін", - деп түйіндеді әкім.

9 ақпанда Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қалада 2023 жылдың екінші жартысында жаңа сейсмикалық аудит жүргізілетінін мәлімдеді.



Алматы Қазақстан Досаев Ерболат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: