Досаев Алматыдағы нашарлап кеткен ұялы байланыс мәселесін қалай шешетінін айтты

Сурет: unsplash
Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада ұялы байланыс мәселелерін шешу үшін жаңа діңгекті стансалар салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұялы байланыс пен интернеттің нашарлығы мәселесін әкіммен кездесуде Медеу ауданы тұрғындарының бірі көтерді. Ол ықшамаудан кеңейіп келе жатқанын, бірақ байланыс мәселесі әлі де бар екенін атап өтті.

"Медеу ауданында мобильді интернет жұмыс істейді, бірақ радиофобия мәселесі бар, жақында стансаны алып тастадық. Тұрақты талшықты-оптикалық байланыс желісіне келетін болсақ, бұл мәселені жыл соңына дейін жабуды жоспарлап отырмыз. Ең құрығанда екі оператор пайда болады".Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев

Ерболат Досаев қаладағы нашар ұялы байланыс мәселесін шешу үшін жаңа діңгекті стансалар салынатынын айтты.

"Стационарлы интернетте бәрі жақсы болады, желілер жыл соңына дейін тартылады. Ұялы байланыс операторлары мәселесі бойынша жаңа жоба басталып жатыр, діңгекті құрылымдар салып, ұялы байланыс операторларына рұқсат береміз. Келесі аптада мен қаладағы барлық ұялы байланыс операторларымен кездесу өткіземін. Ұсыныстар бар, техникалық жағынан дайынбыз.  Олармен келісімге келсек, байланыс сапасы нашар ықшамаудандарға орнатуды бастаймыз". Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті