"Омикрон" штаммы әлемнің 38 елінде анықталды - ДДСҰ

Сурет: pixabay
Жаңа жағдайлардың негізгі өсімі Африка елдерінде тіркеліп жатыр

Коронавирустың жаңа штаммы "Омикрон" әлемнің 38 елінде анықталды, бірақ "Дельта" COVID-19-дың басымдыққа ие нұсқасы болып қала береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы Мария Ван Керкховеге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта «омикрон» ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы 38 елде анықталды, Африкада инфекциялардың негізгі өсімі байқалады. Бірақ "дельта" нұсқасы әлемде басымдыққа иесі болып қала береді. Мария Ван Керкхове

Оның айтуынша, жаңа жағдайлардың негізгі өсімі Африка елдерінде тіркеліп жатыр.

B. 1.1.529 кодымен берілген жаңа штамм "Омикрон" атауына ие болды. Ол 11 қарашада Оңтүстік Африкада анықталды. Бұл елдің денсаулық сақтау министрі вакцина алғандарда ол жеңіл өтетінін айтты, алайда қолда бар мәліметтерге сәйкес, вирустың басқа нұсқаларымен ауырғандарды айналып өтуі де мүмкін.

Қазақстан
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған