«Омикрон» штаммы Тайландтан да табылды

Сурет: pixnio
Қазір алғашқы науқас ауруханада ем алып жатыр

Коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған адам АҚШ азаматы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС ақпарат агенттігі 35 жастағы АҚШ азаматы Johnson & Johnson вакцинасын маусым айында салдырған. 30 қараша күні Испания арқылы Тай еліне келген.

28 қарашада Испанияда оның ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен. Ол Дубай арқылы ұшқан, тоғыз сағат сонда болған. Қонақүйге жайғасқан соң, тағы тест тапсырғанда, оның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау департаментінің директоры Опас Канкавинпхон.

Коронавирус жұқтырған АҚШ азаматы әуежайда 2, ал қонақүйде шамамен 17 адаммен байланысқа түскен. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр.

Инфекцияның «омикрон» штаммы болу мүмкіндігі 99,92% құрайды. Науқастың жағдайы қалыпты, ауыр белгілері жоқ. Опас Канкавинпхон
АҚШ
Омикрон штаммы
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды