Илон Маск ресми түрде басында баспанасы жоқтар қатарына енді

Сурет: Instagram/elonrmuskk
Сатылған вилласының ауданы 19 гектарды құрайды

Tesla компаниясының атқарушы директоры және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск ресми түрде үйсіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Известия басылымының хабарлауынша, америкалық кәсіпкер Хиллсбородағы вилласын (Калифорния, АҚШ) 32 миллион долларға сатқан.

Сатып алушының кім екені белгісіз.

Вилла кәсіпкердің иелігіндегі "соңғы үйі" еді.

Guignecourt деп аталатын үйді 1912 жылы француз графы Кристиан де Гинье салған. Ол жаппай алтын өндіру кезеңінде калифорниялық бай-манаптың мұрагер қызын алған.

Вилла ауданы 19 гектарды құрайды.

Бұған дейін Маск өзінің барлық заттарын сатуға ниет білдірген. Оның айтуынша, жақын арада оның атында бір де бір үй болмайды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті