Бразилиядағы дәстүрлі карнавал коронавирустың кесірінен өтпеуі мүмкін

Сурет: pixabay
Тек елдегі коронавирусты жұқтыру дерегі азайып, жағдай тұрақталғанда ғана өзгерістер болуы мүмкін

Бразилия билігі келесі жылы коронавирустың жаппай өршуіне жол бермеу үшін карнавалдан бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рио-де-Жанейрода әйгілі карнавалды тойлауға Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-ға қарсы төтенше департаментінің басшысы Розана Лейте де Мело қарсы шықты, деп жазады RG.ru.

Мело мұндай мәлімдемені депутаттар палатасының Туризм жөніндегі комиссиясының отырысы кезінде жасады. Ол бразилиялықтардың көбі вакцина алса да, бұқаралық іс-шараларды өткізуді шектейтін ДДСҰ ұсыныстарын ескеру керек екенін атап өтті.

Біз қазір пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Карнавал – бәрімізді біріктіретін әрі жақындастыратын мереке, бірақ іс-шараның форматы адамдар арасындағы қашықтық, бетперде тағу талаптарын сақтауға мүмкіндік бермейді. Вакцина алған адам да коронавирусты қайтадан жұқтыруы мүмкін. Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Розана Лейте де Мело

Сондықтан Бразилия билігі қоғамдық іс-шараларға қатысты ойын кем дегенде 2022 жылдың ақпан-наурыз айына дейін өзгертпейтінін жеткізді. Тек елдегі коронавирусты жұқтыру дерегі азайып, жағдай тұрақталғанда ғана өзгерістер болуы мүмкін.

Pfizer
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді