Жаңа Зеландияда темекі сатуға тыйым салынады

Сурет: pixabay
Жаңа Зеландияда осындай заң 2027 жылы күшіне енеді.

Жаңа Зеландияда 2008 жылдан кейін дүниеге келгендерге өмір бойы темекі сатып алуға тыйым салатын заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жастарымыз ешқашан темекі шекпейді деген сенімдеміз. Ал оларға шылым сату – қылмыспен тең.Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Айеши Верралл

Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, шектеулер 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Осы мақсатта алдымен темекі сататын сауда орындарының санын қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен бірге бұл елді 2025 жылға қарай темекінің құрамындағы никотиннің мөлшерін төмендету көзделген.

2025 жылға қарай Жаңа Зеландия халқының 5%-ы ғана темекі шегетін болады деген жоспар бар. Қазіргі уақытта 15 жастан асқан жаңа зеландиялықтардың 11,6%-ы, ал ересектердің 29%-ы шылым шегеді.

Айта кетерлігі, әзірге әлем бойынша Бутанда ғана шылым сатуға мүлдем тыйым салынған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды