ЕКПА төрағасы болып Тини Кокс сайланды

Сурет: Twitter/PACE
Нидерландылық сенатор Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыс беру нәтижесі ұйымның баспасөз қызметі таратқан Страсбургтегі ЕКПА-ның қысқы сессиясының бірінші отырысында жарияланды.

164 делегат дауыс берді, эфир PACE-нің YouTube арнасынан берілді.

ЕКПА-ның тізгінін маған сеніп, ұстатқандарыңыз үшін алғыс айтамын... Төрағаның ауысуы ЕКПА-ны құрудағы мақсат пен оның өткен кезеңі өзгереді дегенді білдірмейді. Еуропа кеңесінің стратегиялық басымдықтары туралы қарар, сондай-ақ келесі жылдарға арналған күн тәртібі мәселесі де қабылданып қойған. Мен осының барлығын жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын деп уәде беремін... ЕКПА-ға мүше барлық елдердің адам құқықтарын қорғау туралы конвенцияны орындауы біздің басты басымдығымыз болып қала береді. ЕКПА төрағасы Тини Кокс

Тони Кокс Нидерланды социалистік партиясының мүшесі және ЕКПА-дағы Біріккен еуропалық солшылдар тобының жетекшісі. Нидерланды өкілі бельгиялық сенатор Хендрик Дамстың орнын басты.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты