Мароккода тар құдыққа түсіп кеткен бес жасар бала қайтыс болды

Сурет: Twitter/𝔐𝔲𝔥𝔞𝔪𝔪𝔢𝔡 ⵣ
Құтқарушылар мен волонтерлар бірнеше күндік жұмыстан кейін Марокканың Тармут қаласындағы терең және тар құдыққа түсіп кеткен бес жасар баланы аман алып шықты. Бала тірі болғанымен, бірақ көп ұзамай бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаралы хабарды Марокко королі жария етті, деп жазады РИА Новости.

Мұхаммед VI баланың ата-анасына көңіл айтты.

Құтқарушылар бригадасының басшысы Абдельхади Тамрани құдыққа түсірілген камерадағы кадрдан бес жасар Райанның қандай күйде екенін түсіну қиын екенін айтты. Ол бір қырынан қимылсыз жатқан.

Құтқарушылар Райанға жеткенде, жер астында оған медициналық мамандар тексеру жүргізді. Ұзақ уақыт жер астында болу немесе бас жарақаты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін еді.

Райан 2 ақпанда диаметрі небәрі 45 сантиметр болатын тар құдыққа құлап кеткен. Құтқару бригадасының жетекшісі Абдельхаби Темрани топырақтың ерекшеліктеріне байланысты құдықтың түбіне қарай тоннель қазу керек екенін жеткізді. Операция кезінде құтқарушылар баланы оттегі түтігі мен сумен қамтамасыз ете алды. Қазу жұмыстары бес күнге созылды, нәтижесінде бала сыртқа аман шығарылды. Бірақ көп ұзамай Райан алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды