ҚР СІМ: Украинадағы отандастарымыздың арнайы рейсі 26-27 ақпанда орындалады

Сурет: Zakon.kz
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жұмыстарына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, алғашқы репатриациялық рейс 26 немесе 27 ақпанда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Біздің азаматтарымызды Польша шекарасына жеткізген автобустар қазір ұзын-сонар кептелісте тұр. Бір автобустың шекара өткелінде тұрғанына, міне жеті сағат болды. Онда әйелдер, балалар да бар. Жағдайды шамамен түсінген боларсыздар. Сондықтан, барлықтарыңыздан төзімділік танытуды сұраймыз. Алдағы уақытта басқа да репатриациялық рейстер ұйымдастырылады. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Киевтегі елшілік штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Онда 8 адам жұмыс істейді. Осы түні Киевтегі ҚР елшілігінің ғимаратында 26 адам болды: оның ішінде 8 қызметкер, 18 азамат бар, соңғысының алтауы - бала.

Қазақстан дипломаттары біздің азаматтарымыздың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше Украинада қала береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды