Украинада бір де бір Қазақстан азаматы зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

Сурет: Украинаның Төтенше жағдайлар қызметі
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров "қазақстандық дипломаттарды Украинадан ертерек неге алып шықпады" деген сауал өздеріне Украинадағы қақтығыс басталған алғашқы күннен бастап қойылып келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Егер олар бірінші болып эвакуацияланса, басқа азаматтарды қалай құтқарар едік? Кабулдағы жағдай естеріңізде болар, бұл арада да солай. Яғни, біздің дипломаттарымыз соңына дейін сол жерде жұмыс істейтін болады және біздің азаматтарымызға барынша көмек көрсететін болады, содан кейін ғана оларды эвакуациялау туралы мәселе көтеріледі. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Ол дипломаттар арнайы дайындығы жоқ қарапайым азаматтар екенін айтты. Олар атыс кезінде қалада жүріп-тұра алмайды.

Бақытымызға орай, біздің азаматтарымыздың арасында зардап шеккендер жоқ. Әзірге, бізде ондай деректер жоқ, Ары қарай да солай бола береді деп үміттенемін. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті