Украина әлемдегі жүк таситын ең үлкен «Мрия» ұшағының жойылғанын хабарлады

Сурет: Instagram/_alex_0104_
Украинада «Мрия» деп аталып келген әлемдегі ең үлкен Ан-225 жүк таситын ұшағының жойылғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz

«Укроборонпром» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ан-225 жүк ұшағына Киев облысындағы Гостомель аэродромында шабуыл жасалған.

Бұл жағдай ұшақ тұрған Киев маңында орналасқан Гостомельдегі «Антонов» аэродромында болған. Оны қалпына келтіруге 3 миллиард доллар мен ұзақ уақыт қажет. «Укроборонпром» бас директоры Юрий Гусев

Украина осыған байланысты Ресейге қаржылық шағымдар жасамақ, – деді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай құнды ұшақтың неліктен қауіпсіз аймаққа көшірілмегенін түсіндіреді.

«Мрия» Гостомель әуежайында жөндеуден өтіп жатқандықтан, Украинадан ұшып үлгермеді. «Укроборонпром» бас директоры Юрий Гусев

Ан-225 1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында бір данада жобаланып, жасалған. Алғаш рет рейске 1988 жылы 21 желтоқсанда шықты.

Ұшақ 1989 жылдан бастап толығымен пайдаланыла бастады, 150-200 тонна болатын жүк тасуға арналған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады