Киевтен қазақстандықтар мінген тағы бір автобус жолға шықты

Видеодан скриншот
Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жалғасып жатыр. 3 наурызда Киевтегі елшіліктен Қазақстан азаматтары мінген тағы бір автобус шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшіліктің мәліметінше, автобуста 18 адам, оның ішінде төрт бала бар.

Жолаушылар Львов тас жолында халықаралық автобусқа ауысып, Польшаның Катовице қаласына дейін барады. Содан кейін олар Қазақстанға үшінші репатриациялық рейспен жөнелтіледі, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Катовицеден қанша қазақстандықтың ұшып келуді күтіп тұрғанын айтқан еді.

Украинадан отандастарды эвакуациялау басталғаннан бері Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері 431 азаматты, оның ішінде Польшаға – 404 адамға, Молдоваға – 21 адамға, Венгрияға – 5, Словакиядан – 1 адамға шығуына көмек көрсетті.ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Катовицеден Алматы мен Нұр-Сұлтанға қазақстандықтар мінген екі арнайы рейс жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды