Microsoft Ресейде тауар сату мен қызмет көрсетуін доғарады.
"Роскосмос" Байқоңырдан OneWeb жер серіктерін ұшыруға дайындықты тоқтатты.
ИИДМ, СІМ және үшінші елдердің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан қазақстандық 23 жүк көлігі жолға шықты.
Түркия Ресей үшін әуе кеңістігін жаппайды, - деді Түркия СІМ басшысы.
АҚШ-тың ҚР-дағы елшілігі санкциялар Ресей экономикасына бағытталғанын оның басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның да экономикасына қатты тимейтіндей жасалғанын атап өтті.
Грекия ЕО мен АҚШ санкциялар тізіміне енгізілген ресейліктердің активтерін бұғаттауға ниетті, - деді Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис.
НАТО Украина әуесінде альянсқа тиесілі ұшақтар және Украина аумағында НАТО сарбаздары болмауы керек дегенмен келісті. Сондай-ақ, ұйым оқыс жайттарды болдырмас үшін Ресеймен әскери байланысқа шығатын арналарын ашық ұстауды жоспарлап отыр.
Лукашенко Беларусь әскерлері Украинаға кірмегенін және ондай ойлары мүлде жоқ екенін айтты.
Германияның Ішкі істер министрлігі: Германиядан Украинадағы ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін кеткен бірнеше оңшыл экстремистер жайлы ақпарат бар.
Еуропалық биржадағы газдың 1 мың текше метрінің бағасы 2400 доллардан асып, тарихи межені жаңартты.
АҚШ мұнай секторындағы 91 ұйымына қатысты экспорттық бақылау шараларын кеңейтіп жатыр, - деді сауда министрлігі.
Черногория ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін жапты, деп хабарлады ұлттық телевидение СІМ-ге сілтеме жасап.
АҚШ Запорожье АЭС-де қандай да бір радиоактивті қалдықтың ауаға таралу фактісін тіркеген жоқ - Пентагон.
Украина мен Ресей жабық режимде келіссөздер жүргізуге келісті, бұл жоқтан бар дегенге келтіріп, - деді Украина делегациясының мүшесі.
Ресей мен Украина гуманитарлық дәліздерді ұйымдастыру үшін жұмыс тобын құрды.
Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші кезеңі ертең немесе бүрсігүні болуы мүмкін, - деді Зеленский кеңсесінің басшысының кеңесшісі.
Михаил Подоляк: Зеленский "Украинаның территориялық бүтіндігі үшін күресін төмендететін" жеңілдіктерге бармайды. Ол Ресей Федерациясының келіссөздердегі ұстанымы Украинаның позициясы сияқты қатаң екенін, сондықтан келіссөздер ауыр жүретінін атап өтті.
Путин көрші елдерге Ресеймен қарым-қатынасын нашарлатпауға және оны қоздырмауға шақырды.