Рубль тағы құлдырады

Сурет: pixabay
Рубль бағамы бір долларға 140,25 пен еуроға 145,87-ге дейін жетіп, тарихи минимумға дейін төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, 7 наурызда Forex-те доллар мен еуро рубльге қатысты барлық кезеңдегі ең жоғары деңгейге көтерілді және жұма күнге қарағанда шамамен 20%-ға жоғары саудаланды.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 12:23-тегі жағдай бойынша еуроның рубльге шаққандағы бағамы 143,37 рубльге, доллар 133 рубльге дейін көтерілді. Сонымен қатар, бұған дейін сауда барысында еуро 145,869 рубльге, доллар 140,2547 рубльге жеткен.

Ресей банкі 5, 7 және 8 наурызда Мәскеу биржасының барлық нарықтарында сауда жасамау туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ пен еуропалық одақтастар Ресей мұнайынан бас тарту туралы мәселені талқылап жатқанын айтқан еді. Ресей АҚШ-тың екінші ірі ресурс жеткізушісі болып саналады, сондықтан АҚШ үкіметі елде экономикалық дағдарыс тудырмас үшін басқа серіктестер іздеуде.

Еске салсақ, бірнеше елдер мен блоктар, соның ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, ЕО, Жапония және т.б. Ресейге Украинадағы әскери операциясы үшін санкция салған болатын.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді