Еуропадан газ ақысын рубльмен төлеуді сұраған Путин талабы қанағаттандырылмады

Сурет: Twitter/EmmanuelMacron
Ресей президенті Владимир Путин кейбір елдермен арадағы табиғи газ тасымалы бойынша төлемдер евро мен доллардан рубльге ауыстырылатынын айтқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің рубльмен есеп айырысуға көшуді сұраған талабы бұрын енгізілген санкцияларды айналып өту ниетімен байланысты деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Московский комсомолец».

Макронның пікірінше, есепайырысу евромен жүргізілуі керек және қол қойылған келісімшарттарға сәйкес, рубль төлеміне көшу талабы мүмкін емес.

25 наурызда Макрон "ресейлік қазба энергоресурстарына тәуелділіктен арылу керек болып жатқандықтан", Еуроодақ саммитінің Еуропалық Комиссиясына ЕО-ның әр елі үшін газды орталықтан сатып алу функциясын беру туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин кейбір елдермен арадағы табиғи газ тасымалы бойынша төлемдер евро мен доллардан рубльге ауыстырылатынын айтқан болатын.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды