Гурбангулы Бердімұхамедов ұлынан демалысқа жіберуін сұрады

Сурет: Instagram.com/gurbanguly_berdymuhamedov_01
Министрлер кабинетінің отырысында Гурбангулы Бердімұхамедов Сердар Бердімұхамедовке жеке өтініш білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Өздеріңіз білесіздер, менің басшылық қызметте жүргеніме 40 жыл, ал саясатпен айналысқаныма 25 жыл болды. Осы уақыт ішінде жұмыстың көптігіне байланысты толық тыныға алмадым»,  – деген экс-президент ұлынан 1 сәуірден бастап еңбек демалысын беруді сұрады.

Ол демалыста жаңа кітаптарын аяқтайтынын, сондай-ақ халықаралық шараларға дайындалатынын атап өтті.

Еңбек демалысы кезінде қызметтік міндеттерін уақытша атқаруды орынбасары Қасымғұлы Бабаевқа тапсыруды сұрады.

Сердар Бердімұхамедов, «Түрікменстан хроникасы» сайтының жазуынша, бұл өтінішті қанағаттандырды.

Еңбек демалысының мерзімі көрсетілмеген.

Еске салайық, 15 наурызда Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның жаңа президенті болып сайланды. Сайлауда ол 72,97% дауыс жинады.

Түрікменстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз