Катовицеден 53 қазақстандық мінген жетінші репатриациялық рейс ұшып шықты

Сурет: ҚР СІМ
28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 19:44-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтілуде. Ұшақта 53 жолаушы бар. ҚР СІМ

Осымен, Украинадан 900 ҚР азаматы шығарылды, ал олардың ішінен 743 адам репатриациялық ұшақтармен Қазақстанға оралды.

28 наурызда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізетін арнайы рейс ұйымдастырды. Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының Ил-76 ұшағы Украинадан Польшаға келген бірнеше ондаған Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін қазақстандық дипломаттардың көмегімен алып шығады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы