Путин мен Шольц газды рубльмен сату мәселесін талқылады

Сурет: Zakon.kz
Ресей президенті Владимир Путин Германия канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей газы саудасында рубльмен төлем жасауға көшу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгіме барысында Ресей президенті ГФР-ға да тасымалданатын газ ақысы төлемін рубльге ауыстыру туралы шешім Еуроодақ елдерінің Ресей банкі валюталық резервтерін бұғаттаумен байланысты болғанын түсіндірді.

Қабылданған шешім Ресей газын импорттаушы еуропалық компаниялар үшін келісімшарт жағдайларының нашарлауына әкеліп соқпауы керектігі атап өтілді. Бұл туралы екі елдің сарапшылары қосымша келіссөздер жүргізеді деп келісілді

Сондай-ақ, тараптар бір күн бұрын Ыстамбұлда өткен Ресей және Украина өкілдері келіссөздерінің кезекті раундына байланысты пікір алмасты, сондай-ақ бейбіт тұрғындарды ұрыс алаңдарынан, ең алдымен Мариупольден эвакуациялауды қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

Кейінірек Владимир Путин Италияның премьер-министрі Марио Драгимен де сөйлескен кезде табиғи газдың төлемін рубльге ауыстыруға не себеп болғанын түсіндірді.

Германия
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті