Ресей азаматтығын алушы шетелдіктердің саны күрт азайған

Сурет: pixabay
Көбінесе Ресей азаматтығын алғандар - Украина, Тәжікстан, Қазақстан және Армениядан барғандар. РФ Ішкі істер министрлігі осындай мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей азаматтығын алған шетелдік азаматтардың саны биылғы жылдың алғашқы екі айында өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 15 мыңға азайған, деп хабарлайды ТАСС.

2022 жылғы қаңтар мен ақпан айларында Ресей Федерациясының азаматтығын алу туралы шешім қабылданған адамдар саны – 84 817. РФ ІІМ

Өткен жылдың осындай кезеңіндегі бұл көрсеткіш 99 873-ті құрайды.

Сонымен қатар, ІІМ мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың екі айында Ресей Федерациясына шетелде тұратын отандастар мен олардың отбасы мүшелерінің ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға 680 адамға жуық адам қатысты.

Егер өткен жылдың қаңтар мен ақпан айларында 8 616 адам осы сипатта келсе, биылғы жылдың екі айында 9 293 қатысушы тіркелген.

Ресей ІІМ мәліметтері бойынша, өткен жылы Ресей азаматтығын өткен жылмен салыстырғанда 79 мың шетелдік азамат көбірек алды.

Көбінесе Ресей азаматтағын алушылар - Украина, Тәжікстан, Қазақстан және Армениядан келгендер.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды