Илон Маск Twitter кеңсесін үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынады

Сурет: pxhere
Сауалнамаға қатысқан Twitter қолданушыларының 91%-ы Илон Масктың бұл идеясын қолдады. Amazon компаниясының тағы бір негізін қалаушы Джефф Безос Tesla басшысымен келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында Twitter-дің ең ірі акционері атанған кәсіпкер Илон Маск Сан-Францискодағы басты кеңсені үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды «Известия».

Кәсіпкер «әлеуметтік желінің бас кеңсесіне бәрібір ешкім келмейтінін» атап өтіп, дауыс жинауға кірісті.

Сауалнамаға 1,9 миллионнан астам Twitter пайдаланушысы қатысты, олардың 91 пайызы бұл идеяны қолдады.

Илон Масктың ұсынысын Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос та қолдады.

Безостың айтуынша, штаб-пәтерді толығымен болмаса да, оның кем дегенде бір бөлігін осы мақсатқа арнауға болады. Ол жазбаға Amazon компаниясының Сиэтл кампусында үйсіздерге арналған баспананың ашылуы туралы GeekWire мақаласының сілтемесін тіркеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді