Испания премьер-министріне қастандық жасамақ болған күзетші сотталды

Сурет: sanchezcastejon.es
Испанияның премьер-министрі Педро Санчесті өлтіруді жоспарлаған қаскөй елдегі ұлттық сот палатасының шешімімен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті 2018 жылы WhatsApp мессенджеріндегі топтардың біріндегі мәлімдемесімен құқық қорғау органдарының назарына іліккен. 66 жастағы Мануэль Мурильо елдегі биліктің ауысуы керектігін, сонымен қатар Үкімет басшысына қастандық ұйымдастыруға өзі әрдайым дайын екенін жазған.

Сонымен қатар, испандық белсенді түрде жақтастар іздестіріп, материалдық-техникалық жағынан қолдау сұраған.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Сачестің бастамасы бойынша ер адам диктатор Франсиско Франконың эксгумациясымен және оны қайта жерлеу шарасымен келіспейтінін мәлімдеген. Іс материалдарына сәйкес, күдікті осы істерге қарсы тұру үшін қару алуға дайын болған.

Сотта атап өткендей, Педро Санчестің өміріне қауіп төнді, өйткені қаскөй күзетші болып жұмыс істегендіктен оған қару-жарақ қолжетімді болған.

Оның үйін тінту кезінде 20 қару табылды, олардың жетеуі заңсыз болып шықты. Сонымен қатар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар тәркіленді.

Полицияға Педро Санческе жасалғалы жатқан қастандық туралы сотталушының "Вокс" оңшыл саяси партиясының жетекшілерінің бірінен көмек сұрап жүгінуі кезінде белгілі болды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды