Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел қайтыс болды

Сурет: Fukuoka prefectural government
Жапонияның оңтүстік-батысындағы Фукуока қаласының тұрғыны – әлемдегі ең қарт әйел 119 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейн Танака 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келіп, 2022 жылы 19 сәуірде қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті билік сайты.

Жапон әйелі Кейн Танака 2019 жылдың наурыз айында әлемдегі ең қарт адам болып танылды. Сонымен қатар ол Жапонияда тұратын ең қарт адам ретінде тіркелді. Оны жапониялық ең қарт адам ретінде тіркеу 2020 жылдың қыркүйегінде 117 жас 261 күнге толғанда мүмкін болды.

Танака өмір бойы күріш торттарын сататын дүкенде жұмыс істеген. Ең қарт әйел 1970 жылдары зейнетке шыққан. Оның күйеуі мен үлкен ұлы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болды. Оның өмірі Жапон империясының бірнеше дәуірін – Мэйдзи, Тайшо, Шоуа, Хэйсей және Рейва кезеңін қамтыды.

Кейінгі жылдары әйел қарттар үйінде тұрған. Жапониялық әйелдің карантин шектеулерге байланысты туыстарымен кездесуге іс жүзінде мүмкіндігі болмады.

Қаңтарда Жапон әйелі Кейн Танака 119 жасқа толған еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы