Гутерриш Путинді «Азовстальдағы» адамдарды эвакуациялау мәселесін шешуге шақырды

Сурет: pixabay
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Украина аумағындағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің еуропалық қауіпсіздік пен Украинадағы жағдайға қатысты бірқатар талаптарының бар екенін түсінетінін айтты. Cондай-ақ ол қақтығысты реттеу мақсатында диалогты ұйымдастыруға қатысты Түркияның күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Содан кейін Гутерриш Украинада гуманитарлық байланыс тобын құру туралы ұсынысын қайта алға тартты, деп хабарлайды РИА Новости. Оның айтуынша, БҰҰ екі-үш күн ішінде азаматтық тұлғаларды эвакуациялауды ұйымдастыру үшін "Азовстальдағы" жағдайды бағалауға және оларды эвакуациялау кезінде кепіл болуға дайын екенін жеткізді.

Бұған жауап ретінде Путин БҰҰ басшысына дұрыс мәлімет жетпегенін, шынтуайтында гуманитарлық дәліздер жұмыс істеп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол БҰҰ мен Қызыл Крест өкілдеріне украиналық әскери тұтқындардың қандай күйде екенін өз көздерімен көруді ұсынды.

Ресей президентінің айтуынша, ол әлі де Украинамен дипломатиялық жолда келісімдерге қол жеткізуге болады деп үміттенеді.

Бұған дейін Гуттериш Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен сөйлесіп, дүйсенбіде Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

Антониу Гуттериш Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке баруға ниетті.

Ресей
БҰҰ
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты