Франция оңтүстігінің билігі соңғы президенттік сайлаудағы кандидат Жан Лассальға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады France Bleu Béarn Bigorre.
66 жастағы депутат әрі «Қарсылық танытайық!» партиясының көшбасшысы дауыс беру нәтижесіне әықпал ету арқылы сайлау кодексін бұзды деп айыпталған.
Президенттік сайлаудың екінші туры өтетін күні Лассалль көпшілік алдында дауыс беруден қалыс қалғанын мәлімдеді. Осылайша ол сайлау күні тыйым салынған басқа сайлаушыларға ықпал етті.
27 сәуірде конституциялық кеңес коммунадағы сайлау нәтижелерін жойды. По қаласының прокуроры саясаткерді жауапқа тарту туралы шешім қабылдады. Лассаль15 мың еуро айыппұл төлеп, бір жылға дейін түрмеге жабылуы әрі депутаттық мандатынан айыруы мүмкін.
Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде Лассаль 3,13% дауыс жинады. 25 сәуірде Франциядағы президенттік сайлаудың екінші турының соңғы нәтижелері белгілі болды. Бюллетеньдердің санақ нәтижесі бойынша Эммануэль Макрон жеңіске жетті.