Куба астанасында жарылыс болды. Зардап шеккендер бар

Сурет: pixabay
Гаванадағы Капитолияға қарама-қарсы орналасқан Саратога қонақ үйінде қатты жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігі хабарлағандай, ғимараттың кем дегенде екі қабаты қирап қалды.

Жарылыстың неден болғаны әлі айтылмайды, бірақ бір болжам бойынша, ол цистернадан сұйытылған газды айдау кезінде орын алған. Зардап шеккендер бар.

Saratoga Капитолия жанында жолдың қарама-қарсы бетінде ескі Гаванада орналасқан. Ол 1880 жылы салынып, 2005 жылы қайта жаңғыртылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды