"Үлкен жетіліктің" басшылары Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен өткен бейнеконференцияның қорытындысы бойынша тиісті мәлімдеме жасады, делінген Ақ үй таратқан ақпаратта.
АҚШ пен Еуроодақ Ресей Федерациясына қатысты қосымша шектеу шараларын іске асыруға ниетті.
Бұл Путин экономикасының басты артериясына қатты соққы беріп, оны әскери операцияны қаржыландыруға қажетті пайдадан айырады.
Сонымен қатар, АҚШ 8 мамырда Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді.
Ақ үй бұл шаралар "Ресей экономикасының барлық салаларына — қаржы, сауда, қорғаныс, технология және энергетикаға айтарлықтай әсер ететініне және уақыт өте келе қысымды күшейте түсетініне" бек сенімді.